Outback
23 090 000 тг бастап
Сақина пішінді көтергіш қаңқа
Интерьер. Бүге-шігесіне дейін ойластырылған
Барлық жағынан ойластырылған жайлылық
Subaru Outback автокөлігінің интерьері жүргізуші мен жолаушыларды бұрын-соңды болмаған жайлылыққа бөлейді. Әрбір ішкі элемент ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған, бәрі қол астында және жалғыз мақсат үшін, яғни сапар кезінде барынша ләззат алуды қамтамасыз етуге қызмет етеді. Сіз сапардан үздік әсерлер аласыз: салон жоғары сапалы өңдеу материалдарымен, орындықтардың стильді тігісімен және Subaru Outback автокөлігінің өкілдік бейнесін айшықтап тұратын мәнерлі жылтыр қыстырмалармен ерекшеленеді.
Тамаша көру мүмкіндігі
Subaru инженерлері шанақты құрастыру барысында алдыңғы және екі бүйірдегі көріністерде жүргізушіге көрінбейтін аймақтарды барынша азайт?
Start/Stop түймесі арқылы кілтсіз кіру және қозғалтқышты іске қосу жүйесі
Кілттің салпыншағы жақын жерде, мысалы, киім қалтасында болған кезде, кілтсіз кіру жүйесі алдыңғы есіктерді, сондай-ақ жүксалғыш бөлімнің есігін жай ғана тұтқасынан ұстап ашуға
Дауыспен басқарылатын, Apple CarPlay және Android Auto, Bluetooth жүйелері мен 11,6 дюймдік түрлі-түсті сенсорлық дисплейі бар мультимедиа.
Apple CarPlay® және Android® Auto * жүйелерімен ең танымал қолданбаларды пайдаланыңыз. Дауысты анықтау функциялары назарыңызды жолдан бұрмай, қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дауыстық байланысты пайдалануға мүмкіндік береді.
*Кейбір конфигурацияларда қолжетімді.
Алдыңғы және артқы орындықтардың жылытқышы
Outback автокөлігіндегі алдыңғы қатардың да, артқы қатардың да орындықтарындағы жолаушылар орындықтардың реттелетін жылытқышының арқасында жолда жайлылықтың рақатына бөленеді.
Электр жетекті қақпағы бар көлемі үлкен жүксалғыш
Үлкен көлемді жүксалғыш – 1801 л.*, тегіс еден, электр жетегі мен орналасу қалпын есте сақтау функциясы бар жүксалғыш бөлігінің есігі бүкіл кеңістікті оңтайлы пайдалана отырып, жүкті автокөлігіңізге тез тиеуге көмектеседі.
*Екінші қатар орындықтарының арқалықтары жайылған күйде.
Экстерьер
Биік жол саңылауы – 213 мм
Жол саңылауы 213 мм болатын жаңа Outback нағыз жол талғамайтын көлік пен керемет жайлылық пен спорттық басқару мүмкіндігіне ие автокөліктің қасиеттерін бойына үйлестіре отырып, бұрынғыдан да күрделі жолдармен жүре алады.
Бұрылыстарды динамикалық жарықтандыру жүйесі бар таяу жарық пен шалғай жарықтың жарықдиодты фаралары
Бұрылыстарда қозғалған кезде жүйе рульдің күйіне қарай фаралардың жарық бағытын өзгертеді, соның арқасында тәуліктің қараңғы мезгілінде көру мүмкіндігі жақсарады.
18 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілер*
18 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілердің эксклюзивті қатал дизайны Outback автокөлігінде керемет көрінеді.
*Кейбір конфигурацияларда қолжетімді.
Қауіпсіздік
Артқы жүріспен жүру кезіндегі көмекші жүйе (RCTA)
Артқы жүріспен жүрген кезде, радарлық датчиктердің көмегімен жүйе оң және сол жақтан жақындап келе ж
Шалғай жарықты автоматты басқару жүйесі (HBA)
Қауіпсіздікті арттыру үшін Subaru Outback автокөлігіне жаңа шалғай жарықты автоматты басқару жүйесі (HBA) енгізілді. Ол фаралардың шалғай жарығымен барынша ұзақ уақыт бойы жүруге
Сақина пішінді көтергіш қаңқа
1996 жылы Forester автокөлігінің бірінші буыны шыққан кезде Subaru компаниясы салонды алдыңғы жағынан, алдыңғы жақтан ығыстырылған, бүйірлік және артқы жағынан соқтығысулар кезіндегі соққылардан қорғайтын сақина пішінді көтергіш қаңқаның қолданылуы туралы жариялады. Forester қауіпсіздіктің жоғары деңгейінің арқасында бүкіл әлемде сатылымдар хитіне айналды. Оның конструкциясында төбе мен еденді күшейтілген бүйірлік бойлық арқалықтары мен бүйірлік табалдырықтары бар бүйірлік бағандармен біріктіріп тұратын сақиналы құрылым қолданылған, бұл автокөліктің бүкіл салонын құрсаулайтын тор түзіп тұрады. Мұндай конструкция салонның сенімді қорғанысын қамтамасыз ете отырып, соқтығысу кезінде кез келген бағыттан келетін соққыларды тиімді сіңіріп алады.
EyeSight – жүргізушіге көмектесу жүйесі
EyeSight жүйесі жолдың және ондағы заттардың үш өлшемді түрлі-түсті бейнесін алу үшін стереокамераны қолданады.
Бұл жаныңызда отырған қырағы жолаушы сияқты, сіз байқамаған кез келген қауіп туралы ескертеді немесе жүргізуші қателіктерінің салдарын азайтуға көмектеседі.
Төмен орналасқан ауырлық орталығы және көлденең-оппозиттік қозғалтқыштың тігінен орналасуы бұрылыста тек бүйірге жантаюды ғана емес, сонымен қатар автокөліктің тік осіне қатысты инерция сәтін де азайтуға мүмкіндік береді, б
Толық жетек жүйесі кез келген жол және ауа райы жағдайында мән-жайды бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, қозғалтқыштың қуатын төрт дөңгелектің әрқайсысына үздіксіз беріп тұрады.
Қозғалтқыштың тігінен орналасуын қоса алғанда, жүйенің негізгі элементтерінің симметриялы жайғастырылуы массалардың тік-көлденең балансын оңтайландырады және кез келген жабындарда әртүрлі қозғалыс жағдайларында тұрақты тартуды қамтамасыз етеді.
Lineartronic трансмиссиясы – сериялы түрде шығарылатын автокөлікке орнатылатын шынжырлы типті тігінен орналасатын бірінші сатысыз вариаторлық трансмиссия. Белдіктің орнына шынжырды пайдалану беріліс қатынастарының ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Нәтижесінде динамиканың жақсаруына, жанармай шығынын азайтуға және акселератор педалінің жүргізушінің басқару әрекеттеріне жауап реакциясының жылдамдығын арттыруға қол жеткізілді.
Толық тоқтағаннан кейін, Auto Vehicle Hold функциясы тежеуіш педалі жіберілген кезде де машинаны автоматты түрде ұстап тұрады, бұл кептелісте қозғалған кезде жүргізушінің шаршауын азайтады.
Қозғалтқыштың, Lineartronic сатысыз трансмиссиясының, толық жетек және динамикалық тұрақтандыру (VDC) жүйелерінің жұмыс параметрлерін реттей отырып, X-Mode көлік жүргізу